Африкадан тараған маймыл шешегі Таиландқа да жетті, деп хабарлайды 24kz.
Ел астанасы Бангкокта 66 жастағы Еуропа азаматынан анықталды. Ол вирусты Африкада жұқтырған. Дәрігерлер карантин жариялап, науқаспен байланыста болған 40-тан астам адамды ауруханаға жатқызды. Маймыл шешегінің таралу қаупі жоғары болғандықтан шетелден келгендерді тексеру күшейді. Індет жаһандық сипатта қауіпті деп танылып, денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz