Бразилияның ең ірі штаты Сан-Паулудегі орман өртінен 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Қалада кейінгі 4 күн ішінде 2621 өрт дерегі тіркелген. Бразилияның федералды полициясы тілсіз жаудың шығу себептерін анықтап, 2 күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді. Аймақта өрт ауыздақталғанымен, қауіп деңгейі әлі де жоғары. Осыған байланысты Бразилияның 42 қаласында ескерту жарияланды. Әсіресе, Мату-Гросу, Пара штаттарында ахуал күрделі.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz