RU
Толық нұсқаға өту

Испанияда «қызанақ шайқасы» өтті

29.08.2024, 12:12 965

Испанияның шығысындағы Буньол қаласында әйгілі Томатина фестивалі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мұнда мыңдаған адам «қызанақ шайқасына» қатысқан.

Фестиваль аясында қаланың бас көшесімен 120 тонна көкөніс тиелген жүк көліктері өтіп, қызанақ таратқан. Ал ақ киім киіп шыққан адамдар оны бір-біріне лақтырып, көңіл көтерді. Қалашық халқы 10 мыңға жуықтайды. Бірақ іс-шараға қатысу үшін мұнда 22 мың адам келген. Осылайша, фестиваль өңірде туризмнің дамуына да өз септігін тигізіп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz