RU
Толық нұсқаға өту

Грекияда балық жаппай қырылып қалды

31.08.2024, 11:00 914

Грекияның Волос портында экологиялық апат болды.

Аймақта миллиондаған балық қырылып қалған. Қазір су айдыны өлекселерден тазартылып, қоқыс өртеу зауыттарына жіберіліп жатыр. Күніне 40 тонна өлген балық жиналып, жойылып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, судағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуына былтырғы су тасқыны себеп. Соның кесірінен қазір порттың жұмысы тұралап тұр. Белсенділік 80% төмендеп кеткен. Мәселені тез арада шешпесе, туризм сектор белшеден шығынға батады деген қауіп бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz