RU
Толық нұсқаға өту

Кәсіби білімі жоқ адамдар алғаш рет ашық ғарышқа шықты

12.09.2024, 22:40 824

Тарихта алғаш рет коммерциялық мақсатта кәсіби білімі жоқ адамдар ашық ғарышқа шықты.

Астана уақытымен ғарыш кемесі 15:12-де қонды. Экипаж құрамында 4 адам бар. Біреуі – америкалық миллиардер Джаред Айзекман. Оның компаниясы миссияны қаржыландырып отыр. Кәсіпкерден бөлек, кемеде бұрынғы әскери ұшқыш және SpaceX ғомпаниясының 2 инженері бар. Олар мінген аппарат Флорида штатындағы ғарыш орталығынан белгілеген уақыттан екі сағатқа кешігіп ұшты. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Бұл миссия аясында ғарышқа 3 рет ұшу жоспарланған. Бұл жолы экипаж мүшелері орбитада 5 күн болады. Сол уақыт ішінде адамың денсаулығын жақсарту бойынша 36 зерттеу мен тәжірибе жүргізеді. Бұдан бөлек, олар Старлинк лазерлік байланыс жүйесін сынақтан өткізулері керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz