RU
Толық нұсқаға өту

Альпі тауларының ең ірі мұздығы алты жылдан кейін жойылып кетуі мүмкін

14.09.2024, 20:30 739

Альпі тауларының ең ірі мұздығы Мармолада 2040 жылға таман жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Ол Италияның солтүстігінде орналасқан. Жергілікті ғалымдардың есептеуінше, кейінгі 5 жылда мұздықтың ауданы 70 гектарға кішірейген. Бұл 100 футбол алаңымен пара-пар. Мамандар оған жаһандық жылыну себеп дейді. XIX ғасырда Мармолада 500 гектар аумақты алып жатқан екен. Сол уақыттан бері ауданы 80%-ке, ал көлемі 94%-ке азайған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz