Қытайдың ең ірі мегаполисі Шанхайда дүлей дауылдың жақындауына байланысты дабыл қағылды.
Осыған байланысты билік алдын ала шаралар қабылдап, қаладан 370 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ екі әуежайда 600 әуе рейсі тоқтатылды. Метеорологтар ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Сондай-ақ тұрғындарға үйде болуға, сақтық шараларын қабылдауға шақырды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz