RU
Толық нұсқаға өту

Португалияда орман өртінен жеті адам мерт болды

17.09.2024, 22:34 738

Португалияда орман өртінен опат болғандар саны 7-ге жетті, деп хабарлайды 24kz.

Олардың үшеуі өрт сөндіруші. Бұдан бөлек, тағы 40 адам жарақат алған.

Айта кетейік, Португалияда бірнеше күннен бері орман өрті ырық бермей келеді. Небәрі екі күнде 25 мың гектар жасыл желекті жайпап үлгерген. Тілсіз жауды тез арада ауыздықтамаса, көп ұзамай тағы 20 мың гектар алқап күлге айналады деген қауіп бар. Осыған байланысты билік өкілдері Еуроодақ елдерінен көмек сұрап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz