RU
Толық нұсқаға өту

Falcon 9 зымыраны сәтті ұшырылды

18.09.2024, 09:20 637

SpaceX Falcon 9 зымыранын сәтті ұшырды.

Құрылғы орбитаға Еуропалық Галилео спутниктерін жеткізеді. Зымыран Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі АҚШ ғарыш күштерінің базасынан ұшырылды. Бұл – Falcon 9 зымыранының бірінші сатысының 22-ші рейсі. Галилео спутниктерін Еуропалық Одақ атынан Еуропалық Одақ ғарыш бағдарламасы агенттігі басқарады. Бұл миссия геодезиялық, яғни жердің пішіні мен мөлшерін түсіріп, мұхиттағы мәселелерді шешуге арналған. Сондай-ақ спутниктік желі әлемнің әр түкпірінде орналасқан жері мен уақыты туралы нақты деректер жинау үшін қолданылады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz