RU
Толық нұсқаға өту

КХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс салынған әуе шарларын жіберді

19.09.2024, 11:05 622

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға 160-тан астам қоқыс салынған шар жіберді. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Шарлардың ішінде қағаз, пластикалық шөлмектер және басқа да қалдықтар болған. Қауіпті, жарылғыш заттар табылмады. Әуе шарлары Сеулдің орталығындағы Кенгидо провинциясына келіп түскен. Бұл Солтүстік Кореяның алғашқы әрекеті емес. Мамырдың соңында 21 рет осындай сәлемдеме келген. Бұл әрекетті Пхеньян Оңтүстік Корея белсенділері солтүстікке қарай ұшыратын шарларға қарымта деп атады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz