RU
Толық нұсқаға өту

ЕО мигранттарды қоныстандыруға €14 млн бөледі

20.09.2024, 07:54 608

Еуроодақ Канар аралдарында мигранттарды қоныстандыруға 14 млн еуро қаражат бөледі.

Еурокомиссияның вице президенті аралға арнайы сапарынан соң осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, одақ бұл бастаманы Канар аралдары арқылы босқындар өтетін сыртқы шекараны қорғау мақсатында жүзеге асырып отыр. Аралға келген келімсектерді баспанамен қамтамасыз етіп, әсіресе балаларға толыққанды жағдай жасауды қарастырып отыр. Босқындардың көбі аралға Батыс Африкадан жиі ағылады. Жыл басынан бері мұнда 22 мыңнан астам келімсек бассұққан. Дәл осы бағыт заңсыз көші-қон бойыншы әлемде үшінші орында тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz