RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Ливандағы Хезболла нысанына тағы соққы берді

20.09.2024, 07:57 513

Израиль армиясы Ливандағы «Хезболла» ұйымының әскери нысандарына тағы соққы жасады.

Бұл бір күндегі екінші соққы. Израиль әскери-әуе күштері шамамен 100 ұшыру қондырғысы мен қосымша қару-жарақ сақталған қоймаларын жарып жіберді. Ливан мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бомбылау Гринвич уақытымен 18:00-де болған. Оңтүстік Ливанға 52-ден астам соққы жасалған. Естеріңізде болса, бұған дейін Ливанда пейджерлер мен басқа да техника жаппай жарылған еді. Бұл жағдай жарылыстан кейінгі Израильдің екінші соққысы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz