АҚШ-тың бұрынғы президенті және республикалықтар атынан мемлекет басшысы болу додасына қайта түскен Дональд Трамп демократтардың үкілеген үміті, вице-президент Камала Харриспен екінші рет пікірсайысқа шығудан бас тартты.
Харрис пен Трамтың кезекті сөз жарысы CNN телеарнасының тікелей эфирінде 23 қазанға жоспарланған еді.
Дональд Трамп, АҚШ президенттігіне үміткер:
- Харрис пікірталасқа бір рет шықты. Мен 2 рет шығып тастадым. Енді тым кеш. Біз Американы тағы да ұлы елге айналдырамыз. Қарашада Трампқа дауыс беріңіздер. Харрис президент болуға лайықты адам емес.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz