Иранда шахтадағы құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Жер астында 700 метр тереңдікте 18 кенші болуы мүмкін. 2 күн бұрын елдің солтүстік-шығысындағы көмір шахтасында жарылыс болған еді. Соңғы мәлімет бойынша 52 адам көз жұмған. Тағы 17-сі жараланған. Апатқа метанның жылыстауы себеп. Иран Президенті жер астында қалған адамдарды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Сонымен қоса елде 3 күндік аза тұту жариялады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz