RU
Толық нұсқаға өту

Аргентинада 16 мың гектардан астам жер күлге айналды

24.09.2024, 15:15 792

Аргентинаның солтүстігіндегі Кордоба аймағында алапат өрт 16 мыңнан астам гектар аумақты күлге айналдырды, деп хабарлайды 24kz.

Тілсіз жау өткен аптада тұтанған. Содан бері дес берер емес, керісінше, өршіп барады. Тілсіз жаумен қазір 700-ден астам өрт сөндіруші күресіп әлек. Табиғи апатқа күшті жел, жоғары температура мен құрғақшылық қолайлы жағдай тудырған. Қасақана от қойды деген күдікпен 19 және 31 жастағы екі ер адам қамауға алынды.

Гонзола Касерес, жергілікті тұрғын:

- Мына өрт бізді барымыздан айырды. Үйіміз бен барлық заттарым жанып кетті. Үкімет тарапынан көмек аса көрсетіліп жатқан жоқ. Далада қаңғып қалдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz