RU
Толық нұсқаға өту

Таяу Шығыс елдері Израиль әрекетін сынға алды

25.09.2024, 20:35 712

Египет, Ирак және Иордания Сыртқы істер министрлері Израильдің Ливанға шабуылдарын қатаң сынға алды, деп хабарлайды 24kz.

Саясаткерлер БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 79-сессиясы кезінде бірлескен мәлімдеме жасады. Олар, еврей елі әскерінің әрекеті аймақта ірі ауқымды соғысқа әкеп соқтыруы мүмкін дейді.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы да шекарадағы ахуалдың ушығуына байланысты Ливан «екінші Газаға» айнала ма деп, алаңдаушылық білдірген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz