Израиль Ливандағы «Хезболла» ұйымына қарсы құрлық операциясын өткізуге дайындалып жатыр.
Бұл туралы Израиль әскері бас штабының басшысы Герци Халеви мәлімдеді. Осының алдында резервтегі сарбаздар шақырылған. Олар 2 бригадаға біріктірілді. Сарапшылар "бұл тұрақты әскерге құрлық операциясын жасауға мүмкіндік береді" дейді. Кешеден бері Израиль «Хезболланың» 280 нысанын талқандаған.
Герци Халеви, Израиль әскері бас штабының басшысы:
"Біз ұшақпен күнде соққы жасап жатырмыз. Ливан аумағына кіріп, «Хезболланы» түбірімен жоюға әзірлік жасап жатырмыз. Мақсат айқын - азаматтарымызды үйіне қайтару үшін солтүстік аймақта тыныштық орнату."
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz