RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Ливан жеріндегі штаб-пәтерді әуеден соққылады

27.09.2024, 23:15 2975

Израиль Бейруттың оңтүстігіндегі «Хезболла» қозғалысының әскери штаб пәтеріне әуе соққысын жасады.

Шабуылдан кейін ондаған ғимарат отқа оранып, қаланы қара түтін басты. Израиль барлау агенті соққыны қозғалыс жетекшісі Хасан Насралланың көзін құрту үшін ұйымдастырғанын хабарлады. Бірақ операция сәтсіз аяқталды. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің бұған дейінгі соққысынан 700-ден астам адам қаза тауып, 2200-ге жуық адам жарақат алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz