Францияда да республикалық референдумда дауыс беру қызу жүріп жатыр.
Қазақстанның Париждегі консулдығы ғимаратында орналасқан №378 учаскеде қазақстандықтар жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден бері таңдау жасауда. Комиссия мүшелерінің айтуынша, жерлестеріміздің белсенділігі жоғары. Дауыс берушілер Францияның түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Олардың арасында студенттер, туристер мен осы елде жұмыс істеп жүрген азаматтар бар.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz