RU
Толық нұсқаға өту

Конгода маймыл шешегін жұқтырудың 30 мың дерегі тіркелді

08.10.2024, 13:48 832

Конгода жыл басынан бері маймыл шешегін жұқтырған 30 мың жағдай тіркелді.

Індеттен 988 адам көз жұмған. Олардың 70 пайызы – жасы 5-ке толмаған балалар. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ол инфекцияның барлық 26 провинцияда таралғанын жеткізді. 5 қазанда Конгода аталған індетке қарсы вакциналау науқаны басталған. Үкімет 5 миллион адамға екпе салуды жоспарлап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы маймыл шешегі Африканың 18 елін қамтып үлгергенін айтады. Бұдан бөлек, індет Австралия, Индонезия, Швеция, Испания мен Пәкістанда тіркелген.  

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz