Нью-Йорк мектептерінде атыс оқиғаларының алдын алуға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды.
Арнайы сабақта балаларға әлеуметтік оқшауланудың кері әсері мен оны қалай анықтау жайы айтылады. Бағдарлама оқушыларға ұнап жатқан көрінеді.
Мұндай пилоттық жобаның енгізілуі бекер емес. Өйткені АҚШ мектептерінде атыстың жиі болатыны көпке мәлім. Былтыр 350-ге жуық дерек тіркелген. Салдарынан 57 адам көз жұмды. Биылдың өзінде ондаған оқиға жайлы белгілі болды. Әдетте шабуылды сол мектеп оқушысы жасап жатады. Мамандар ондай қадамға әлеуметтік оқшауланған жеткіншектердің баратынын айтады. Сондықтан балалар өздерін жалғыз сезінбеуі үшін әлеуметтік жоба қолға алынған. Оның мәнісі мынада.
Кристалл Гаррант, Sandy Hook Promise ұйымының директоры:
"Біз көптеген зерттеу жүргіздік. Соған сәйкес, егер бала өзін ұзақ уақыт бойы қоғамнан оқшау, жалғыз сезінсе, не өзіне, не басқаларға зиянын тигізуі мүмкін. Біз оқушыларға, сондай-ақ мұғалімдерге ондай белгілерді анықтауды үйретеміз. Сабақта балалар бір-бірімен араласады. Достатсып кетуі мүмкін. Сонда жалғызсырап жүрген жеткіншек жаман әрекетке баруға оқталса, жанында жүрген досы бірдеңе сезген жағдайда ол туралы үлкендерге хабарлайды. Кейін балаға психолог секілді арнайы мамандар көмектеседі".
Бағдарламаның арқасында мамандар Нью-Йорк мектептерінде орын алуы ықтимал 16 оқиғаның алдын алған. Жобаға қатысып жатқан жүздеген бала сабақтар арқасында оқушылар арасында позитивті орта құрылғанын айтады.
БЛИЦ
Пилоттық жоба идеясының авторы Сэнди Хук Промис коммерциялық емес ұйымы. Ол 2012-жылы "Сэнди Хук" бастауыш мектебіндегі жаппай атыстан кейін құрылған. Ол кезде 20 жастағы жігіт білім ошағында оқ жаудырып, 27 адам қаза тапқан еді. Олардың көбі оқушылар болған.
Жулдыз Атагельдиева, Асель Абдыхалыкова
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz