Ал Еуроодақ пен Парсы шығанағы елдері Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды.
Бұл туралы Брюссельде өткен Еуроодақ елдері мен Парсы шығанағында орналасқан араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің қорытындылары бойынша бірлескен Декларацияда айтылды. Сондай-ақ олар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2735 қарарын толық орындауға шақырды. Тараптар Палестина халқының екі мемлекет туралы шешім арқылы өзін-өзі анықтау құқығын қолдайтынын мәлімдеді.
Шарль Мишель, Еуропалық кеңес төрағасы:
- Біз жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Біз тұрақтылықты, қауіпсіздік пен өркендеуді және халықаралық құқыққа деген құрметтің болғанын қалаймыз.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:
- Барлық күш-жігерімізді салып, дипломатиялық жолмен шиеленісті тоқтатуға тырысуымыз керек.
Мұхаммед Бин Абдуррахман Бин Джассим Әл Тани, Қатар Премьер-министрі:
- Соңғы үш-төрт аптада ешқандай келіссөздер немесе өзара байланыс болған жоқ. Біз жай ғана үнсіздік шеңберінде жүріп келеміз. Бұл өкінішті.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz