RU
Толық нұсқаға өту

Израиль халқы ХАМАС ұйымымен келісімге келуді талап етті

21.10.2024, 07:00 852

Тель-Авивте мыңдаған адам ереуілге шықты. Арасында ХАМАС тұтқынында отырған адамдардың туыстары бар. Олар Израиль билігінен Газа секторындағы 100-ден аса тұтқынды босату бойынша келісімге қол қоюды талап етіп жатыр.

Наразы топ бірнеше күн бұрын палестиналық қозғалыстың жетекшісі Яхья Синвардың қазасынан кейін қарсы тараппен бір мәмілеге келетін уақыт жеткенін айтады. Бұған дейін Франция президенті мен Германия канцлері секілді әлем елдерінің басшылары да: «Синвардың өлімі Израиль мен ХАМАС арасындағы шиеленісті тоқтатуға сеп болуға тиіс», – деген еді. Ал палестиналық қозғалыс өкілдері: «Еврей елі Газадан әскерін әкетпей, тұтқындарды босатпаймыз», – деп отыр. Израиль тарапы да: «Соғысты тоқтатпаймыз», – деп қасарысып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz