Ливандағы «Хезболлла» қозғалысы Израильдің солтүстігін 160 реактивті зымыранмен атқылады. Снарядтардың көбін Израиль әскерінің әуе қорғаныс күштері қағып түсірген.
«Jerusalem Post» басылымы: «Қалғаны айдалаға түсті», – деп жазды. Кейбір жерде от тұтанған. Зардап шеккен 3 адам бар. Олар қазір ауруханада. Шабуыл жасалған аймақта әуе дабылы қағылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz