АҚШ Израильде зымыранға қарсы THAAD кешенін орналастырды. Радарлар, зымырандарды қағып түсіретін қару және басқа да әскери құрал-жабдық 20-дан астам ұшақпен жеткізілген.
Жүйелерді құрып, орнату үшін жүздеген америкалық әскери қоса барды. Зымыранға қарсы кешенді Израильге жеткізу бойынша бұйрықты АҚШ президенті Джо Байден берген. Бұл – Иранның зымыран шабуылына қарсы қажет құралдар. Кешен қысқа, орта және аралық қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды 200 шақырым жерден қағып түсіреді. Жүйені америкалық әскерилер басқарады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz