RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторының солтүстік аудандарынан 20 мың адам эвакуацияланды

24.10.2024, 07:30 929

Газа секторының солтүстік аудандарынан 20 мың бейбіт тұрғын эвакуацияланды. Бұл туралы The Times of Israel газеті елдің қорғаныс армиясына сілтеме жасап хабарлады. Басылымның мәліметі бойынша еврей әскері анклавтың солтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың үйінен кетуіне мүмкіндік беріп жатыр.

Бұдан бөлек, Израиль армиясы жүргізіп жатқан операция барысында ХАМАС қозғалысының 150-ге жуық мүшесі ұсталғаны хабарланды. Өткен аптадан бастап Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі әскери операциясын қайта бастады. Содан бері Бейт Ханун, Джабалия және Бейт Лахия қалалары Газа қаласынан оқшауланды. Бұл қалалар ХАМАС қозғалысының тірек нүктелері болып саналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz