RU
Толық нұсқаға өту

Бейжіңде Қазақстанның Республика күні аталып өтті

24.10.2024, 18:25 888

Республика күні Бейжіңде де аталып өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ұлттық мереке «Балдырған» балаларды дамыту орталығында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, бүлдіршіндер өлең оқыды. «Алтын өлкем» көрмесі ұйымдастырылып, оған жеткіншектердің еңбектері қойылды. Мерекелік шара өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, тәрбиелеуге бағытталған. Оған қазақстандық балалар мен ата-аналардан бөлек, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар аспаздар жәрмеңкесі өткізілді. Қазақтың ұлттық тағамдары әзірленіп, көпшілікке ұсынылды. Жәрмеңкеден түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.

Назгүл Назарбекова, «Балдырған» балаларды дамыту орталығының меңгерушісі:

- Ұрпағымыз дұрыс тәрбиелі болу үшін біз осындай іс-шараларды жүргізіп отырамыз. Қазақстанның әрбір мерекесін атап өтеміз. Ол бір жағынан салт-дәтүрді, тілін ұмытпау үшін. Бүгін де мысалы Республика күнін балалармен бірге өткіздік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz