RU
Толық нұсқаға өту

Мексикада атыс кезінде 19 күдікті оққа ұшты

24.10.2024, 19:21 818

Мексиканың Кулиакан қаласында қиян-кескі атыс болып, 19 күдікті оққа ұшты, деп хабарлайды 24kz.

Елдің Қорғаныс министрлігі ұсталғандар қылмыстық топтың мүшелері деп отыр. Сондай-ақ жасы 70-ке таяп қалған қылмыстық топ басшысы да қамауға алынды. Бұдан бөлек, 7 көлік пен 30-ға жуық қару-жарақ тәркіленген. Билік 30-дан астам қарулы адам сарбаздарға қарсы оқ атып, кейбірі табанын жалтыратып үлгергенін айтады. Мексика үкіметінің мәлімдеуінше, аталған қылмыстық топ халықаралық деңгейде есірткі саудасымен айналысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz