RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Харристен IQ деңгейіне тест тапсыруды талап етті

27.10.2024, 10:00 849

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің қарсыласы Камала Харристен IQ деңгейіне тест тапсыруды талап етті. Трамп қарсыласының интеллект коэффициенті өте төмен деп отыр. «Америкалық журналист Андерсон Куперге берген сұхбатында Харрис қарапайым сұрақтарға ашық жауап бере алмады. Демек бірдеңесі дұрыс емес», – деді Трамп.

Бұған дейін ол Джо Байденнің ақыл-ой қабілеті тестілеуді де ұсынған болатын. Сонымен қатар Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткерлердің бәрі міндетті түрде когнитивті сынақтардан өтуі керек деп санайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz