Ливандағы "Хезболла" қозғалысы 1 күнде Израильдің солтүстігін 90 реактив зымыранмен атқылады.
"Рейтер" агенттігі Тамра қаласына көп зақым келгенін хабарлады. 5 адам жараланған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек 2 тұрғын үй кешені мен көліктер қираған. Израиль әскері біраз зымыранды қағып түсірді. Сондай-ақ Акко қаласында "Хезболла" ұшырған дрон жергілікті зауытқа барып соғылды. 2 жұмысшы зардап шекті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz