RU
Толық нұсқаға өту

Германияның көлік индустриясында 190 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін

31.10.2024, 10:00 727

2035 жылға қарай Германияның көлік индустриясында 190 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін.

. Бұл туралы Билд ((Bild)) басылымы хабарлады. Оның ақпары бойынша қызметкерлер саны елдегі ең ірі концерн саналатын Фольксвагенде ((Volkswagen)) ғана емес, басқа да кәсіпорындарда да айтарлықтай азаяды.

Бұған электрмобиль нарығының дамуы әсер етсе керек. Қазірдің өзінде Фольксваген компаниясы үлкен дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Кәсіпорын басшылығы Германиядағы үш зауытты жауып, қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға қысқартады. Бірақ жұмысшылар бұған бірден қарсылық білдіріп, шеру ұйымдастырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz