RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Бейрут маңайын тағы да бомбалады

01.11.2024, 14:14 752

Израильдің әскери-әуе күштері Бейрут маңайын бомбалады, деп хабарлайды 24kz.

Бірнеше сағат ішінде 15-тен астам соққы жасалған. Куәгерлер: «Жойқын жарылыстардың дыбысы Ливан астанасының орталық бөліктеріне дейін естілді», - дейді.

Al Jazeera шабуыл салдарынан 2 адамның қаза тапқанын хабарлады. Израиль әскері соққы жасайтынын алдын ала ескерткен. Ресми Тель-Авив «Хезболла» қозғалысына тиесілі ғимараттарды талқандағанын айтады. Бейрутта 1 аптадай уақыт тыныш болған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz