RU
Толық нұсқаға өту

Аштық: 22 елде азық-түлік тапшылығы мәселесі өршіп тұр

02.11.2024, 10:00 1080

Алдағы 6 айда әлемнің 22 елінде азық-түлік тапшылығы мәселесі одан сайын ушыға түседі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары: «Палестина, Оңтүстік Судан, Гаити мен Малидегі ахуал өте күрделі», – деп отыр. Аталған елдердегі қақтығыстарды тез арада тоқтатып, шұғыл түрде гуманитарлық көмек көрсетілмесе, жағдай одан әрі өрши түседі деген қауіп бар.

Ал Чад, Ливан, Мьянма, Мозамбик, Нигерия, Сирия мен Йеменде де жағдай қиын. «Азық-түлік тапшылығына қарулы қақтығыс, климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық пен теңсіздік секілді өзекті мәселелер әсер еткен», – дейді ұйым өкілдері. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz