RU
Толық нұсқаға өту

Молдовадағы президент сайлауында Майя Санду жеңіске жетті

04.11.2024, 09:34 612

Молдованың қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Санду 54%-тен астам дауысқа ие болған. Ал оның басты қарсыласы, Социалистер партиясының үміткері Александра Стояногло 45% дауыс жинады. Саяси науқанға 1 миллионнан астам азамат қатысқан.

Естеріңізде болса, 20 қазанда өткен алғашқы кезеңде Санду 42%, ал Стояногло 26% дауыс иеленген еді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz