Алдағы 4 жылда АҚШ-ты кім басқарады? Бүгін алпауыт Америка жаңа президентін сайлайды. Дәл қазір бұл елде әлі түн, таң ата жергілікті уақыт бойынша 7:00 мен 9:00 аралығында сайлау учаскелері ашылады.
Президенттікке үміткер Камала Харрис пен Дональд Трамп кеше негізгі штаттарда халықпен кездесуін аяқтады. Кейінгі сауалнама нәтижеcі бойынша қос кандидат 7 ауытқымалы штатта тең келеді. Әзірге ең көп дауыс беруші тіркелген Пенсильвания штатында сайлаушылардың дені таңдау жасап үлгермеген. Сол себепті сауалнама нәтижесі кез келген сәтте өзгеруі мүмкін.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz