Кейінгі бір жылда Израиль шабуылынан Газа секторында 43 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
102 мыңнан аса тұрғын түрлі жарақат алған. Бұл – анклавтың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. Өткен тәуліктің өзінде еврей армиясының атқылауынан 17 азамат көз жұмды, 86-сы жарақат алған. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 100-ден аса жаралы газалықты аймақтан эвакуациялаған болатын.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz