RU
Толық нұсқаға өту

Nissan 9 мың қызметкерін қысқартады

08.11.2024, 09:04 626

Жапонияның Nissan компаниясы әлем бойынша 9 мың қызметкерін қысқартады.

Бұл жалпы штаттың шамамен 7 пайызы. Автоконцерн басшылығы мұндай шешімді Қытай мен АҚШ-та өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты қабылдаған. Себебі Nissan көліктерінің тең жартысы дәл осы екі нарықта сатылады. Сонымен қатар, компания өндірістік қуатын 20%-ға азайтуды және Mitsubishi Motors компаниясындағы үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр. Компанияның бас директоры Макото Учида дағдарысқа байланысты осы айдан бастап өзінің жалақысын 50%-ға азайтатынын мәлімдеді. Жапониядағы автокөлік өнеркәсібінде шамамен 6 миллион адам жұмыс істейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz