RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинде дауылдан 40 мың адам эвакуацияланды

08.11.2024, 16:47 718

Филиппиннің шығысында соққан «Иньсин» дауылынан 40 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Табиғи апаттан инфрақұрылым мен ауылшаруашылық секторына айтарлықтай залал келді. Желдің күшті болғаны соншалық, 2 әуежайдың шатырын ұшырып жіберген. Филиппинде соңғы 2 аптада бірнеше дауыл соғып, Кагаян провинциясы қатты зардап шекті. 151 адам опат болды, 600 мыңнан аса тұрғын баспанасыз қалды. Қазір жергілікті билік табиғи апаттан келген шығынды 241 млн АҚШ долларына бағалап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz