RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 17 адам қаза тапты

09.11.2024, 13:10 912

Пәкістанның оңтүстік-батысында орналасқан Кветта теміржол станциясында жойқын жарылыс болды.

Салдарынан 17 адам опат болды. 30 азамат жарақат алды. Бірнешеуінің жағдайы өте ауыр. Билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылысты «Белуджистанды азат ету армиясы» деп аталатын сепаратистік топ ұйымдастырған. Жолаушылар Равалпинди қаласына баратын пойызды күтіп тұрған кезде бір лаңкес өзін-өзі жарып жіберген. Қазір жергілікті полиция осы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz