Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін тағы бір дәліз ашпақ, деп хабарлайды 24kz.
Бұл туралы Times of Israel Таймз ов Изреил басылымы хабарлады. Инженерлік жұмыстар аяқталғаннан кейін «Кисуфим» бақылау-өткізу бекеті іске қосылады. Қазіргі уақытта анклавқа гуманитарлық көмек «Керем-Шалом» және «Эрез» бақылау-өткізу бекеттері арқылы жеткізіліп жатыр. Осы жерлер арқылы Біріккен Араб Әмірліктерінен азық-түлік, су, медициналық құрал-жабдықтар мен гигиеналық заттар тиелген 300-ден астам жүк көлігі жіберілді. Соңғы айларда Израиль армиясы анклавтың оңтүстігінде де, солтүстігінде де белсенді түрде шабуыл жасап жатыр. БҰҰ мәліметі бойынша әскери қақтығыс салдарынан млн-нан астам палестиндік аштыққа ұшыраған.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz