RU
Толық нұсқаға өту

Cairo24: Мысырда қазақстандықтар мінген автобус аударылды

10.11.2024, 12:15 858

Мысырдың Рас-Седр қаласының маңында туристер мінген автобус аударылып, 41 адам жараланды, деп хабарлайды 24kz.

Cairo24 басылымының хабарлауынша, зардап шеккендер арасында 3 Қазақстан азаматы бар. Қазір бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі тексеріп жатыр. Сондай-ақ жол апатынан 31 ресейлік және украиналық, 3 әзербайжандық және жергілікті 4 азамат зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Әзірге басқа ақпарат жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz