RU
Толық нұсқаға өту

Ливанда Израиль шабуылдарынан 35 адам ажал құшты

11.11.2024, 07:33 648

Ливанда Израиль шабуылдарынан 35 адам қаза тапты.

Арасында 10 бала бар. Әуе соққылары ел астанасы Бейрут, Джебейль, Баальбек қалаларына жасалған.

Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Ондаған ғимарат қираған. Сондай-ақ Сайд қаласында әуе шабуылынан 3 фельдшер ажал құшты. Жергілікті тұрғындар Израиль шабуыл жасайтынын алдын ала ескерткен жоқ дейді. Қыркүйек айында Израиль «Хезболла» ұйымына қарсы операция бастаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz