RU
Толық нұсқаға өту

Колумбияда тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

12.11.2024, 08:32 767

Бұл туралы ел президенті Густаво Петро мәлімдеді.

Бір аптадан бері толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқын және лай көшкініне ұласты. Табиғи апаттан 27 аймақ зардап шекті. Тасқын су мен лай-батпақ үйлерді, мектептер мен егін алқаптарын шайып кеткен. Малға да үлкен қауіп төніп тұр. Қазір 100 мыңнан астам тұрғын шұғыл көмекке мұқтаж. Ел астанасын Боготаны су басты. Кейбір жерде судың деңгейі 70 сантиметрге жеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz