RU
Толық нұсқаға өту

Дональд Трамп Илон Маскке үкіметтен қызмет ұсынды

13.11.2024, 20:55 792

Америкалық кәсіпкер Илoн Маск ел үкіметі жанынан құрылатын жаңа департаментті басқарады. Дональд Трамп бизнесменге осындай лауазым ұсынды. Маск бұл қызметті 39 жастағы бизнесмен әрі саясаткер Вивек Рамасвамимен бірлесе атқарады. Жаңадан сайланған президенттің айтуынша, олар үкіметтік бюрократияны жоюға және қажетсіз шығындарды қысқартып, федералдық агенттіктерді қайта құруға күш салады.

Жалпы жаңа департамент кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және бюджет басқармасымен бірге жұмыс істейді.

Айта кетейік, Маск Трамптың сайлауалды науқанын қолдап, миллиондаған доллар қаржы бөлді. Болашақ президентпен бірлескен мәлімдемелер жасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz