RU
Толық нұсқаға өту

Испанияға қайтадан табиғи апат қаупі төнді

14.11.2024, 09:19 780

Испанияда жаңбыр әлі құйып тұр.

Тағы тасқын жүру қаупі төнгендіктен билік 3 мың тұрғынды қауіпсіз жаққа шұғыл көшірді. Елдің оңтүстігіндегі Малага аймағында қолайсыз күн райына байланысты қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды. Өңірде мектептер мен дүкендер жабылды. Осыдан тура 2 апта бұрын Валенсия провинциясында дүлей дауыл мен жауын-шашын соңы алапат тасқынға ұласып, 220-дан астам адам опат болды. Із-түссіз жоғалған ондаған тұрғын әлі табылмай жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz