RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинге тағы тайфун қаупі төніп тұр

14.11.2024, 18:35 604

Осыған байланысты ел билігі дабылдың ең жоғары деңгейін жариялады,  деп хабарлайды 24kz.

Қауіпті аймақта орналасқан халық жаппай эвакуациялана бастаған. Қазір Усаги деп аталатын тропикалық дауылдың жылдамдығы сағатына 185 шақырымға жетеді.

Айта кетейік, Филиппинде кейінгі үш аптада осымен бесінші рет дүлей дауыл тіркеліп отыр. Екі күн бұрын «Тораджи» тайфуны ойран салды. Салдарынан 2,5 мың  тұрғын шұғыл түрде көшуге мәжбүр болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz