RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда ашуға ерік берген студент сегіз адамды пышақтап өлтірді

17.11.2024, 11:12 846

Қытайдың шығысында Цзянсу провинциясында белгісіз біреу студенттерге пышақпен шабуыл жасап, 8 адамды мерт қылды.

Тағы 17 адам жарақат алды. Оқиға Исин қаласындағы өнер және технология институтында болды. Күдікті ұсталған. Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаскөй 21 жастағы соңғы курс студенті көрінеді. Оның бұл әрекетке баруына сынақтан сүрініп, аттестат ала алмауы себеп болған. Сондай-ақ тағылымдамадан өту ақысына көңілі толмаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz