RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ энергетика министрі лауазымына қазба отынды пайдалануды жақтаушы адам ұсынылды

17.11.2024, 14:00 761

АҚШ-та жаңадан президент болып сайланған Дональд Трамп әкімшілігін жасақтауды жалғастырып жатыр.

Ол елде маңызды лауазымның бірі саналатын Энергетика министрі қызметіне мұнай-газ саласында тәжірибесі мол Крис Райтты ұсынды. Қазір Райт "Либерти Энерджи" ((Liberty Energy)) мұнай компаниясына жетекшілік етеді. Сондай-ақ ол қазба отынды пайдалануды үгіттеушілердің бірі. Трамптың мұнай-газ және электр энергиясы өндірісін арттыру жоспарын қолдайды. Райт электромобиль, таза және жаңартылған энергия көздерінің жақтаушысы, демократ Дженнифер Гранхолмның орнын басады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz