RU
Толық нұсқаға өту

Филиппинде «Ман-И» тайфунынан 8 адам көз жұмды

19.11.2024, 12:34 618

Филиппинде «Ман-И» дауылынан 8 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл осымен кейінгі бір айда соққан алтыншы дауыл. Лусон аралында су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 1 млн-нан астам тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген. Супертайфун электр желілерін үзіп, үйлерді шайып, ағаштарды опырып, инфрақұрылымға үлкен нұқсан келтірді. Мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, «Ман-И» мен оның алдындағы 2 дауылдан 1 млн-нан астам адам зардап шеккен. Шамамен 7 мың аралдан құралған Филиппинде жыл сайын 20 тайфун мен дауыл соғады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz