RU
Толық нұсқаға өту

Boeing бір мезетте 2500 қызметкерін жұмыстан босатты

19.11.2024, 12:52 675

Америкалық Boeing компаниясы бір мезетте 2500 қызметкерін жұмыстан босатты, деп хабарлайды 24kz.

«Рейтер» агенттігі осылай деп хабарлады. Қысқартуға Вашингтон, Орегон, Оңтүстік Каролина және Миссури штатындағы инженер, техник, кәсіподақ ұйымының мамандары іліккен. Тіпті кей бөлімшелерде 10 адамның 7-еуі жұмыстан шығарылған. Әуе компаниясының мұндай шешімге келуіне қарызының тым көбейіп кетуі себеп болған. Басшылық 17 мың жұмыс орнын, яғни, қызметкерлердің 10%-ін қысқартуды жоспарлап отыр. Ал зардап шеккен мамандарға қаңтар айына дейін жалақы сақталатынын хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz